Меню KDT
МЕНЮ

«Лудомания – ғасыр індеті» диалогтық алаңы.



«Медициналық сағат» жобасы аясында 8 сынып оқушыларына тазалық күнге «Лудомания – ғасыр індеті» тақырыбында диалогтық алаңда ой қозғалды. Қазіргі кезде онлайн ұялы телефонымен ойындар,  казино, ақшалай ойын автоматтары таралуына байланысты құмар ойындар мәселесі өзекті мәселе екені айқын. №7 қалалық емхана қызметкерлерімен өткен медициналық сағаттың мақсаты қоғам дертіне айналған лудомания ойының кері салдарын түсінуге ой тастау және  жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстанып  дұрыс көзқарас  қалыптастыруға ықпал ету. Құмар ойындарға деген тәуелділіктің негізгі себептері презентацияда көрсетілді. Лудомания дамуының 3 белгісі айтылды. Сонымен қатар, АИТВ-инфекциясын алдын алу шаралары туралы да түсіндірме жұмысы, таратпа таратылды. Оқушылар тарапынан тақырыпқа сәйкес сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Оқушыларға жеке бас гигиенасын әрқашан сақтау қажеттігі ескертілді. ВИДЕО КӨРУ

30.01.25