Меню KDT
МЕНЮ

«Дизайн киімді макеттеу» ашық сабақ.



“Өнер-өмір жемісі” атты көркем еңбек және музыка апталығының аясында өткен Бекжан Нұргүл Ғалымжанқызының «Дизайн киімді макеттеу» тақырыбындағы ашық сабағы оқушыларға сән индустриясы мен киім дизайнының негіздері туралы терең түсінік берді. Сабақ барысында қолданылған көрнекі құралдар мен материалдар (киім макеттерінің үлгілері, пішімдер) оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың жұмысқа деген ынтасын күшейтті. Білім алушылар киім макетін жасау барысында өздерінің шығармашылық идеяларын іске асырып, сән индустриясының негіздерімен танысты. Мұғалімнің әдіс-тәсілдері оқушылардың қызығушылығын оятып, олардың шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектесті. Бұл сабақ оқушылардың болашақта сән дизайнына қызығушылықтарын арттырып, олардың шығармашылық көзқарасын дамытуға ықпал етті. ВИДЕО КӨРУ

01.02.25