Меню KDT
МЕНЮ

«Екі жұлдыз» ән байқауы.



«Өнер-өмір жемісі» атты көркем еңбек және музыка апталығы өз мәресіне жетіп, айрықша, жарқын және мазмұнды шаралармен аяқталды. Бұл апталық әр қатысушы үшін үлкен тәжірибе мен жаңа білім көзі болды. Мұғалімдер мен оқушылардың тығыз ынтымақтастығы мен шебер ұйымдастырылуы барлық шаралардың сәтті өтуіне ықпал етті. Бұл апталықтың аясында оқушылар мен мұғалімдер бірлесіп түрлі шығармашылық іс-шараларға қатысып, өнердің барлық түрлері бойынша өздерінің қабілеттерін, дағдыларын көрсетті. Апталықтың аясында өткен «Екі жұлдыз» ән байқауы оқушы, мұғалім және ата-ананың бірлескен шығармашылығын, өнерге деген сүйіспеншіліктерін көрсетіп, олардың музыкалық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Ән байқауының барысында оқушы мен мұғалім, оқушы мен ата-ана  бірлесе ән салып, ортақ өнер көрсетіп, шығармашылық серіктестікті нығайтты. «Екі жұлдыз» ән байқауы апталықтың әсерлі әрі жарқын қорытындысы болды. ВИДЕО КӨРУ

01.02.25