Меню KDT
МЕНЮ

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні.



Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін» мерекелеу аясында Астана қаласының Асқар Забикулин атындағы № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бекетінде «Ашық есік күніне» ұйымдастырылып, мектепішілік парламент президенттері мен ТЖ министрлері қатысты.
«Ашық есік күнінде» Қалалық өрт сөндіру бөлімшелерінде апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған апаттық-құтқару техникасын, құрал-жабдықтарын мен құралдарын көрсетіп, таныстырды.

20.02.25