Меню KDT
МЕНЮ

Құқықбұзушылық және заңдық жауапкершілік.



26 ақпан «Құқықбұзушылық және заңдық жауапкершілік»  тақырыбында  мектеп директоры Б.А.Баймұратова 8-11 сынып оқушыларына жиналыс өткізді. Мақсаты оқушыларға қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. Жиналыста жасөспірімдердің арасында кездесетін құқық бұзушылықтың түрлері, қылмыс жасағаны үшін жасөспірімдерге қандай жазалар қолданылады, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді жазалаудың ерекшеліктері, арнайы қызметкерлерді жалған шақырған жағдайда қандай шара қолданылатыны, кәмелетке толмаған «қиын» балалардың мінез-құлқының ерекшеліктері туралы баяндалып, оқушыларға толыққанды мәлімет берілді. ВИДЕО КӨРУ

27.02.25