Меню KDT
МЕНЮ

Lesson Study сабақты зерттеу: кәсіби даму, тәжірибе алмасу, сапалы білім.



Астана қаласы Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Lesson Study сабақты зерттеу: кәсіби даму, тәжірибе алмасу, сапалы білім» атты серіктес мектептер (№64, №38,№63) арасында жоспарлы қалалық семинар болып өтті. Семинарға Астана қаласы «Әдістемелік орталық» білім бөлімінің әдіскері Мадениет Хабатұлы және №64, №38, №63 мектеп-лицейлердің педагогтері қатысты.
Серіктес мектептер арасындағы семинар мұғалімдер мен мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік береді. Серіктес мектептер арасында өткен Lesson Study семинарының ерекшелігі – әр мектептің өз тәжірибесін бөлісуі, әдістемелік жаңалықтармен танысуы және бір-бірінің сабағын бақылап, бағалауы.
Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейдің директоры Б.А. Баймуратова семинардың алғы сөзінде мектептегі сабақты зерттеу тәжірибесіне тоқталды.
Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары А.К. Ондыбаева және мектеп координаторы Д.О. Бекназарова bof-сессия барысында мұғалімдермен «Lesson study – жоспарлау,зерттеу, талқылау, жинақтау» тақырыбында шағын талқылау ұйымдастырды.
«Lesson study» №2 циклі бойынша мектептің бастауыш сынып мұғалімі Б.М. Ахмедярова, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.А. Ергеш, математика пәні мұғалімі Б.Б.Туребаев, бастауыш сынып мұғалімі Серкебаева М.К. зерттеу сабақтары зерттеу тақырыптарымен астасып, сәтті өткізілді.
«Біртұтас тәрбие» негізінде Құндылықтарды дамыту сабақтары бойынша әлеуметтік педагогтер Б.А. Дюсенбина, Н.А.Билибаева, көркем еңбек пәні мұғалімі Н.Ғ. Бекжан және №38 мектеп-лицей мұғалімдері А. Д. Ермаханова, А.М. Оспанова десант сабақ ретінде «Еңбек - бәрін жеңбек» атты сынып сағаты бүгінгі ай аттары мен апта дәйексөздермен ұштасып келді.
Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейдің мектеп координаторы Қ.Н Аманованың командасы (А. М. Ғұбайдуллина, Б.Т. Какенов Т.С. Жұмабек "LS (сабақты зерттеу) - мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етуі" атты шебер сыныбының үйретері, тәжірибелік алаңы педагогтерге тиімді болды.
№63 мектеп-лицейдің координаторы А.К. Кабдирашова командасы ( С. Мәди, А.К. Кәкім, Н.Құнафиянов) “LS. Мотивациясы төмен оқушыларға қолдау көрсету” шебер сынып және “Жасанды интеллект: теориядан практикаға” атты панорамалық сабақтарда зерттеу тобы жоғары белсенділік танытып, сабақ өз мақсатына жетті.
Сабақтар аяқталғаннан кейін мұғалімдер бірігіп, сабақтың нәтижелерін талқылады. Серіктес мектептің «Сыншы достары» әр сабаққа, әр талқылауға кері байланыс беріп, ұсыныстарын ортаға салды. Бұл өз кезегінде білім беру сапасын жақсартуға септігін тигізеді.
Семинардың соңында Астана қаласы білім бөлімінің әдіскері Мадениет Хабатұлы қорытынды жасап, сабақты зерттеу бойынша тәжірибелерді жақсарту бағытында құнды ұсыныстар айтты.
Серіктес мектептер арасында өткен Lesson Study семинары мұғалімдердің білімін арттырып, сапалы білім беруге бағытталған маңызды қадам болып табылды. ВИДЕО КӨРУ

03.03.25