Меню KDT
МЕНЮ

«64-те қонақта» жобасы.



«64-те қонақта» жобасы шеңберінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, тау мінезді, дара тұлға – Тұрлыбек Мәмәсейітұлының шығармашылығына арналған сыр-сұхбат өтті. Кездесу сағаты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы жоспарына сәйкес тіл мәртебесін арттыру және балаларды кітап оқуға баулу мақсатын көздеді. аясында мектебімізде тағылымға толы кездесу ұйымдастырылды.
Кештің құрметті қонағы – жазушының өмірлік серігі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлнар Бейсенқызы Мамаева болды.
Кездесу барысында Г.Б. Мамаева қаламгердің өмірі мен шығармашылығы, азаматтық болмысы мен ұстанымдары жайлы терең сыр шертіп, оқушыларға жазушының рухани мұрасын насихаттады. Әдебиетке, тілге, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыратын әсерлі әңгіме барша қатысушылардың жүрегінен орын тапты.
Оқушылар жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Кеш соңында қонағымыз кітапханамызға жазушының кітаптарын сыйға тартып, өз алғыс білдірді. ВИДЕО КӨРУ

16.04.25