Меню KDT
МЕНЮ

«ЭКО тәрбие – отбасында» бірыңғай ашық есік күні.



«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектебіміздің «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтарлығы жұмысы негізінде «ЭКО тәрбие – отбасында» тақырыбында ата-аналарға бірыңғай ашық есік  күні өткізілді. Мақсаты: Ата-аналардың отбасында балаға жан-жақты қолдау көрсетуге, қарым-қатынаста шынайылық танытуға деген ұмтылысын дамыту;қарымқатынаста сезімдерді білдіру дағдыларын, жоғары сынып оқушысымен шетін тақырыптарға сөйлесе білуді қалыптастыру. Ата-аналарға отбасылық экомәдениетті қалыптастыру үшін  отбасы мүшелерінің күнделікті тұрмыста табиғатты қорғау әрекеттерін бірігіп жүзеге асыру қажеттігі туралы баяндама жасалынды. « ЭКО құндылық» тақырыбында диалогтық алаңдарда ой қозғалды. 1-аймақтағы «Q - TALKS». экологиялық тәрбие тақырыбында танымдық сағатта  спикерлер ретінде ата-аналар өздері  сөз сөйледі. 2-аймақта  Training «Табиғат. Денсаулық. Болашақ» атты әкелер мен аналардың отырысы ұйымдастырылды. Отырысқа ата-аналар, педагогтер, мектеп әкімшілігі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. ВИДЕО КӨРУ

24.04.25