Меню KDT
МЕНЮ

«КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ» әкелер волейбол жарысы.



«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Астана қаласы әкімдігінің І.Есенберлин атындағы №67 гимназия әкелер кеңесінің ұйымдастырылуымен «КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ» атты әкелер волейбол жарысында мектебіміздің әкелер кеңесі командасы қатысты. Жеңіске жету — мықты дайындықты талап етеді. Сондықтан қатысушылар шапшаңдық пен қырағылық, тың техника мен үздік әдістерді талап ететін волейбол ережелерін жетік меңгерген мектебіміздің әкелер командасы  2 орынды жеңіп алды. «Ынтымақ – достық бастауы» ұранымен қатысқан мектебіміздің әкелер командасының жеңісімен құттықтаймыз.

30.04.25