Меню KDT
МЕНЮ

«Ынтымақ, бірлік жарасқан – Мәңгілік ел Қазақстан» сайыс.



Бірлік пен ынтымақ – елдің тұғыры!
Мектебімізде 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Ынтымақ, бірлік жарасқан – Мәңгілік ел Қазақстан» атты ұлттар бірлігіне арналған сайыс өтті.
Шараның мақсаты – оқушыларға ел ішіндегі ынтымақ пен татулықтың маңызын түсіндіру, Қазақстанда өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің өнерін, салт-дәстүрін құрметтеуге баулу.
Сайыс үш кезеңнен тұрды:
1. Ұлттық киімдер көрмесі
2. Ұлттық өнерді таныстыру
3. Ұлттық тағам дайындау
Оқушылар сахна мәдениетін сақтап, ұлттық киімдерімен, өнерлерімен және тағамдарымен таныстырып, өздеріне берілген ұлттардың мәдениеттері туралы мәлімет берді.
Кеш барысы – достық, татулық пен өнердің тоғысқан сәті болды!
Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар – оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырады.
Бірлігіміз бекем, татулығымыз тұрақты болсын! ВИДЕО КӨРУ

30.04.25