Меню KDT
МЕНЮ

«Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбай.



Мектебіміздегі «64-те қонақта» жобасының кезекті қонағы Түркістан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. Танымал қазақстандық ағартушы, шығыстанушы және «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбаймен ата-ана, оқушы, ұстаздар қауымымен сыр-сұхбат өткізілді. Үштік одақпен үйлесімділік тапқан диалогтық алаңда ата-аналар, оқушылар, ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар алынды. Жоба қонағы қазақ халқының рухани, тарихи және мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған нақты дәйектерді мысалға келтіріп оқушыларға бағыт-бағдар көрсете білді. Ол жастарға ұлттық құндылықтарды жеткізу мақсатында түрлі кітаптарды көп оқу керектігін айтты. Кездесу сағатынан өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыруға, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға бағытталған кітаптар тізбесі ұсынылды. ВИДЕО КӨРУ

24.04.25