Меню KDT
МЕНЮ

JAS ҚАНАТ - ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ



Бүгін лагерьдегі екінші күніміз таңғы жаттығумен басталды! Таза ауадағы сергіту сәті балаларға күш-жігер беріп, жарқын күнге жақсы көңіл күй сыйлады. Қимыл-қозғалыс арқылы балалар бойын сергітіп, жаңа күнге ерекше шабытпен қадам басты. Таңғы жаттығудан кейін түрлі қызықты ойындар мен белсенді шаралар жалғасын тапты. Балалар командалық рухты сезініп, бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдық пен достықты тереңірек ұғынды.
Күннің ерекше сәттерінің бірі — шеберлік сағаты болды. Қыздар ұлттық тағам — жент дайындап, оның жасалу жолымен танысты. Бұл тек аспаздық шеберлік қана емес, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықты дәріптеген тағылымды шара болды. Балалар өз қолдарымен тәтті жент жасап, оны бірге бөлісіп дәм татты. ВИДЕО КӨРУ

03.06.25