Меню KDT
МЕНЮ

«БІЗ ТАЗА ҚАЛАНЫ ҚОЛДАЙМЫЗ!»



   «БІЗ ТАЗА ҚАЛАНЫ ҚОЛДАЙМЫЗ!» атты экологиялық айлық аясында 18 сәуір күні  жалпықалалық сенбілік өтті. Мектеп оқушылары мен қызметкерлері сенбілікке белсене атсалысты.  Таңғы 08.00 ден -15.00 ге дейін мерекелік музыка  қойылып тұрды.  Мектеп директоры Бұламбаева Рауза Аксеитқызы оқушылардың өмір қауіпсіздігіне және техникалық қауіпсіздіктің қатаң сақталуы бойынша салтанатты сап түзеуде сөз сөйлеп, директордың тәрбие ісі жөнінденгі орынбасары Жусупова Гульжамиля Ильиясовна әр сыныпқа белгіленген жерді бөліп берді.   «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сенбілікке 1760 оқушы мен 80 мұғалім қатысты. Қажетті құралдармен қамтамасыз ету директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары  Сағындыков Қ.Қ ұйымдастырды. Бастауыш және 5 сыныптар мектеп ішінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Жоғары сыныптар бекітілген кесте бойынша бөлініп, мектеп ауласы мен айналасын тазартты, гүлбағына топырақ төгіп, жайды. Сондай-ақ, 9-сынып оқушылары  Ұлы Отан соғысының аяқталуына  70 жылдығына  арналған Б.Момышұлы ескерткішіннің  маңын тазалап, жиналған қоқыстар қапталып, қоқыс жәшігіне салынды. Сенбілік белсенді және ұйымдасқан түрде өтті. 


18.04.15