Меню KDT
МЕНЮ

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні



9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 70 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын.

Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!

Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы  ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн!

Бейбіт көк аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп қан-майданға аттанған жауынгер аталарымызда біздің мектебімізге  қонаққа келді,  оқушылармен кездесті.  

Мамырдың 5- күні 5 сынып оқушыларымен «Бақыт гүлін терген күн» тақырыбында  ашық тәрбие сағаты өтті.  Тәрбие сағаты барысында оқушылар ардагерлерге өз өнерлерін көрсетіп,  гүл шоқтарын беріп, сұрақтарын қойды. Ал, ардагерлер өздерінің  соғыс кезіндегі өмірлерімен бөлісіп,   оқушыларға бейбіт өмір тіледі.


Ал, мамырдың 6- күні 10 сынып оқушылары  «От кешкендер» тақырыпта  кездесу өткізді. Кездесу барысында   соғыс кезіндегі  видео фильмдер  көрсетіліп, ардагерлер  өздерінің  бастарынан өткен соғысты толғана  айтып берді.Мамырдың 8- күні мектептің акт залында «Ерлік Жеңісі»  тақырыпта Ретро фестиваль өтті. Фестивальде соғыс кезіндегі әндер шырқалып, театрландырылған көріністер көрсетілді.  Фестивальге ардагер Хафесұлы Жалел, Рзақұл Байкеш, Медетбеков Асан қатысты. Оқушылардың өнерлерін тамашалаған ардагерлер оқушыларға алғыстарын білдірді. Ал, оқушылар тағзым етіп, гүл шоқтарын берді.

Жалпы, Жеңістің 70 жылдына арналған іс –шаралар талапқа сай өтті. Жеңіс күні құтты болсын
 


11.05.15