Меню KDT
МЕНЮ

АТА-АНАЛАР Конференциясы болып өтті



Астана қаласы №64 мектеп лицейінде 16 мамыр күні «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету»  тақырыбында  АТА-АНАЛАР Конференциясы болып өтті. Жиналыс барысын №64 мектеп-лицей директорының оқу ісі жөнінде  орынбасары Г.А.Досмағанбетова ашып берді.  Қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілі-ЕҰУ-ң оқытушысы Жанат Нұрбекова  барлық ата-аналарды құттықтап, аталмыш іс-шараның маңыздылығы туралы айтты.

Жиналыстың мақсаты – ата-аналарға кез келген жағдайлардағы қиындықтарды сауатты жеңе білуге көмек бере алатын, қажетті білімдер мен шеберліктер беру.  Жиналыстың міндеті -  өзінің және баласының эмоционалдық жай-күйлерін реттеу, балалардың ҰБТ уақытында және одан кейін үрейленбей, сабырлылығын сақтауға көмек көрсете білуі үшін, ата-аналарға психологиялық құралдар беру.Бұл  іс-шараға қатысу, әр ата-ана үшін мол пайда әкелетіндігіне және әр отбасының ауызбіршілігінің артуына, яғни бақытты болуға көмектесетіндігіне сөзсіз сенімдіміз.


16.05.15