Меню KDT
МЕНЮ

"Батырлар жыры" байқауында



  Жақында мектебіміздің 5 «Ж» сынып оқушысы Құрмантаев Сағынтай. Мамыр айының он тоғызыншы жұлдызында №37 орта мектепте  өткен Қалалық «Қайратты туған ер еді...» - қазақ батырлық эпостарын жыршылар мақамымен жатқа орындау байқауында бас жүлдені иемденді.

Сағынтай көлемді Алпамыс,Қобыланды,Қарға бойлы Қазтуған эпостық жырларын мақамымен орындап әділ қазылар көңілінен шықты.Осы арада ерекше ескере кететін жайт: есте сақтау қабілетімен ой зерделілігін қажет ететін аталған сайыс қала деңгейінде алғаш өтіп отыр және сол сайыстың алғашқы бас жүлдесі Сағынтайдың еншісінде.

   Біз Сағынтаймен оның жетекшісі Ақниет Озатұлына алдыңғы уақытта өтетін байқаудың республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз. 


21.05.15