Меню KDT
МЕНЮ

25 мамыр күні біздің мектеп үшін тарихта қаларлық мереке өтті



25 мамыр күні біздің мектеп үшін тарихта қаларлық мереке өтті. Яғни,  соңғы қоңырау мерекесі.  Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу күні...  Өмір дарияның бастауы да адам баласы дүниеге есігін ашқан сәттен басталып, мектеп өмірі арқылы үлкен өмірге жолдама алады. Түлектер білім алған алтын ұяларымен қоштасып, ұстаздар сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырды. Ал,  ата - ана кешегі бірінші сыныпқа барған баласының ер жеткеніне қуанды... Сондықтан да мектеппен қоштасу сәті – адамның өміріндегі ұмытылмас, естен кетпес, ең елеулі күндердің бірі. Осындай мереке күні Білім және ғылым министрі  Саринжіпов Аслан Бәкенұлы салтанатты іс - шараға қатысты.    Сондай - ақ, Алматы ауданы әкімі Сағын Бекбол Ұбайдоллаұлы,  Астана қаласы Білім басқармасы бастығының орынбасары Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы және мектеп ұжымы, ата – аналар , 9-10 сынып оқушылары мен  бітіруші түлектер қатысты.  Мерекелік шараның беташарынан мектеп директоры Буламбаева Рауза Аксеитқызы құттықтау сөз сөйлеп, сөз кезегін   Білім және ғылым министрі Саринжіпов Аслан Бәкенұлы алды. Оқушылар мен ұстаздар қауымын  құттықтап, түлектерге ҰБТ- ны сәтті тапсыруларына батасын берді.Мерекелік шараға арнайы Білім және ғылым министрі Саринжіпов Аслан Бәкенұлының келуі ата - аналар қауымын да бір серпілтіп тастады.    Сөз соңында, азат елдің асқақ аспанының астында білім алып, өзара сыйластықтың құшағында өмір сүріп жатқан барша жас түлектерге ақ жол тілеп, ұстаздар қауымына шынайы алғыстарын білдірді. Жас түлек 11 «Ә» сынып оқушысы Қаби Міржақып мектепке, ұстаздарына және ата - аналарына деген жылы лебізін білдіріп, мереке түлектердің қоштасу вальсі мен аспанға шар ұшырудың орындалуымен аяқталды.    Көңілдері толқыған жас түлектердің әр қайсысының жанарында - жас, көңілдерінде - қимастық сезімі білініп-ақ тұрды... 

Жалпы,  соңғы қоңырау мерекесі жоғарғы деңгейде өтті. Мектепті 116 түлек аяқтады, оның ішінде 5 оқушы "Алтын белгіге" үміткерлер. 

















     



























25.05.15