Меню KDT
МЕНЮ

"Самұрық" лагеріндегі демалыс



5-8 сынып оқушылары Бурабай курортында орналасқан «Самұрық» лагерінде 10 күндік демалыстарын өткізді.  Демалыс барысында оқушылар мектептің жыл сайын жаз мезгілі кезінде өтетін «Жазғы академия» жоспары аясында күнделікті түске дейін, математика, ағылшын тілі, жаратылыстану пәндерін оқып, лагерьде қызықты күндерін өткізді. Балалар бассейінге түсіп, саяхатқа шығып, спорттық шараларға қатысып, тәлімгерлермен бірге көңілді шараларды өткізіп, қимастықпен лагерьмен қоштасты. Жалпы, оқушылардың көңіл –күйлері өте көтеріңікі, барлығына «Самұрық» лагері ұнады.
   


10.06.15