Меню KDT
МЕНЮ

Салтанатты сап түзеу - Білім күні



 
2015 жылдың 1 кыркүйек күні 64 мектеп-лицейінде «Менің Отаным- Қазақстан» атты салтанатты сап түзеу өтті. Салтанатты мерекеге ҚР Білім және Ғылым министрлігінің мектепке дейінгі білім беру және ақпараттық технологиялар департамент басқармасының басшысы Жакенов Талғат Жумабекұлы, Астана қаласы әкімшілігінің іс-кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Жанмурдин Даулет Қуатбекұлы, Астана қаласының “Дарын” орталығының әдіскері Сағырова Нұржамал Жетруовна қатысты. Биыл мектепте 1 сыныпқа келген бүлдіршіндер 8 сыныпқа келді.
Салтанатты жиын ерлік және патриоттық сабақтарымен жалғасты. Сыныптарға № 68665 әскери бөлімінің қару жарақ және әскери техника бөлімінің офицері Садуакасов Дастан Сагидолаевич Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, тағаттылықты, этносаралық және мәдениетаралық коммуникацияны дамыту, оқушылардың ой-өрісін кеңейту мақсатында қатысып, әскери борышын өтеу - әр азаматтың Отан алдындағы парызы екендігін айтты. Әр сыныптағы сабақ - викторина, сайыс, ойын, суреттер көрмесі түрінде өтті.
Жалпы, мектепке 2800 ден аса оқушыға алғашқы қоңырау сыңғыр қақты.












01.09.15