Меню KDT
МЕНЮ

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесі



1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы (1998 және 2007 жылдары енгізілген кейінгі өзгерістермен және толықтырулармен) елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркін, «ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға» (Н. Назарбаев) деген талпынысын бейнелейді.Конституцияны қабылдау Қазақстанда 30 тамызда мерекеленеді. 
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуы бойынша Қазақстан Конституциясы - еркіндіктің негізі. Конституция Қазақстан халқына басты нәрсе – таңдау құқығын берді.Конституцияның бірінші бабымен Қазақстан Республикасы өзін ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Парламент палаталарының бірлескен мәжілісінде Негізгі заңға 2007 жылғы 18 мамырда енгізілген толықтыруларға сәйкес,  мемлекеттік құрылым нысаны бойынша Қазақстан президенттік-парламенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады.
Конституция күні дәстүр бойынша барлық облыстарда және қалаларда көпшіліктің мерекелік сейілдеуі мен көркем өнерпаз шеберлерінің концерттері өтеді. Дегенмен, бұл мереке мемлекеттің солтүстіктегі және оңтүстіктегі астаналары Астана мен Алматыда өте салтанатты түрде аталып өтіледі. 


30.08.15