Меню KDT
МЕНЮ

«Жүргізуші, жылдамдықты бәсеңдет!» шарасы



Астана қаласы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Абайлаңыз, балалар» акциясы аясында «Жүргізуші, жылдамдықты бәсеңдет!» шарасын ұйымдастырды.
Аталмыш шараның мақсаты - балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау. Шара барысында мектебіміздің жол қозғалысының жас инспекторларынан құрылған «Жолбарыс» тобы Астана қаласының жол-патрульдік полициясымен бірлесе отырып, жолға шықты. Жас инспекторларға жылдамдықты арттырып, жол қиылыстарында ережені сақтамаудың салдарынан апатты жағдайларға әкелетіні түсіндірілді. Балалар жүргізушілерге жол қозғалысының суреттерін көрсетіп, өлең шумақтарын айтып, ақпараттық кітапшалар таратты.
Жалпы, «Жолбарыс» тобы қалалық акциялара қатысып қана қоймай,  мектепте 1 сыныпқа келген оқушыларға үгіт-насихат жұмыстарын  өткізіп, жаяу өтпесінен, бағдаршамнан өту сияқты негізгі ережелермен түсіндірме жұмыстарын өткізіп отырады.  Жетекшісі Мұрат Ескендірұлы.
 







10.09.15