Меню KDT
МЕНЮ

"Тілдер фестивалі"



Мектебімізде ХVІІ Қазақстан тілдер фестивалінің апталығы басталды. 4 қыркүйек күні тілдер фестивалі аясында қазақтың дара ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдық тақырыбына орай саптүзеу өткізіліп, келесі күні Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған “Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй”, “Абай өлеңдеріне арналған поэзия уақыты”, “Абайдың 45 қара сөзі” тақырыптар аясында үш күндік мектепішілік радиосы өз жалғасын тапты. “Ұлы ақын өміріндегі елеулі оқиғалы жылдар” тақырыбына 6-сыныптар газеттерге, 7-сыныптар рефераттарға, 8-сыныптар буклеттер көрмесіне жауапты болды. “Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы” тақырыбында кітап көрмесі қойылды. Аптаның соңғы күнінде 10 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» танымдық ойын өткізіліп, оқушылардың жылдам ойлау, мазмұнды сөйлеу, қорытындылар жасау қабілеттерін дамытуға бағытталды. Апталық жалғасуда. Құрметті оқушылар, сіздердің барлықтарыңызды ХVІІ Қазақстан тілдер фестивалінің іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамыз.












14.09.15