Меню KDT
МЕНЮ

“Отбасы -ізгілік бастауы” отбасы күніне арналған апталық



 Мектебімізде дәстүрлі түрде жанұяда өзара сыйластық, адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге, отбасылық дәстүрлерді жалғастыруға бағытталған ғылыми-практикалық конференция,  тренингтер, оқушылардың   шоу-бағдарламалары, спорттық отбасылық эстафеталар, сондай-ақ түрлі отбасылық шығармашылық фестивальдер өткізілді.
3-4 сыныптар “Жақсылықтың игі бастамасы-жанұядан” тақырыбына буклеттер көрмесін жасады.

“Отбасым-Отанымның айнасы” тақырыбына 5 сынып оқушылары мектеп алаңындағы асфальтқа суреттер салса, 6 сыныптың сынып жетекшілері ата-аналарының қатысуымен “Отанды сүю- Отбасыдан басталады” тақырыбына дөнгелек үстел өткізді.





21.09.15