Меню KDT
МЕНЮ

Абайдың 170-жылдығына арналған іс-шаралар



2015 жылдың 4-25 қыркүйек аралығында өткізілген
                           ХVІІ Қазақстан халқы тілдер фестивалінің қорытындысы
 
Мектебімізде ХVІІ Қазақстан халқы тілдер фестивалі аяқталды. Атақты ақын, сөзі алтын хәкім Абайға «Өлең - сөздің патшасы» өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы, 2-4 сыныптар аралығында өткізіліп, бұл іс-шарада оқушылардың Абай өлеңдерін, қара сөздерін  көп білу арқылы рухани әрі адамгершілік жағынан дамытуға бағытталды. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми конференция өткізіліп, бұл іс-шарада Абай тұлғасын мәңгілік есте сақтау және Абай шығармашылығына деген ізет пен зерттеу жұмыстарына бағытталды. 5 сыныптарда “My motherland is Kazakhstan” ашық сабағы танымды, қызықты түрде өткізілді. Мектеп кітапханасында 10 сыныптарға “Абай и Пушкин”викторинасы, 5-11 сыныптар аралығында“Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы-заман тынысы, халық үні” атты Абай оқулары жүргізіліп, бұл іс-шарада Абай тұлғасына арналған әндері айтылып, өлеңдері оқылып, тікелей қазақ халқының өмірімен байланысты екенін айқындау болып табылды.
Аптаның соңғы күнінде “Абайды оқы, таңырқа, басың шайқа”  галаконцерті өткізіліп, ХVІІ Қазақстан халқы тілдер фестивалінің қорытындысы жасалынды. 




 



  

 

 

 


28.09.15