Меню KDT
МЕНЮ

Қарттар күні!



Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде  қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты  қамқорлық жасалуда.
Мектебімізде қарттар күніне арналған 1-11 сыныптар арасында «Ақылды қария- ағып жатқан дария» тақырыбында сынып сағаттары өтіп, Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасыекені туралы айтылды. «Қарияларды ардақ тұту- біздің парызымыз» тақырыбына акция өтіп, Достар 1,2 мөлтек ауданында тұратын қарттар «Қанжығалы» кафесінде музыка пәні мұғалімдері мен «Жасұлан» ұйымы тарапынан концерттік бағдарламасын тамашалады.                 
Еске салайық, 1 қазанда елімізде Қарттар күні атап өтіледі. Бұл күні еңбек ардагерлерін құттықтау дәстүрге айналған. Қарттар күні - қазіргі заманғы қоғамда қалыптасқан қариялардың көптеген мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік беретін мереке. 
 
Орындаған: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жусупова Г.И














 


05.10.15