Меню KDT
МЕНЮ

«Қыз қылығымен сымбатты» тақырыбындағы қыздар жиналысы



№64 мектеп-лицей.
2015-2016 оқу жылының «Қыз қылығымен сымбатты» тақырыбындағы қыздар жиналысының өтілуі туралы анықтама 

Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қазанның 15 күні мектебіміздің акт залында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында қыз бала қандай болу керек, жалпы мектепішілік тәртіп, мектеп формасы, инабаттылық, кішіпейілділік сияқты тақырыптар талқыланып, қыздарымыз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жусупова Г.И мен №64 мектеп-лицейінің медбикесі Адаспаева А көптеген толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ой бөлісті. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарқасты.





20.10.15