Меню KDT
МЕНЮ

"Есірткісіз болашақ" апталығы



2015-2016 оқу жылының «Астана есірткісіз қала» кешендік бағдарламасы аясында «Есірткісіз болашақ» апталығының өтілуі туралы анықтама
Мектебімізде қазанның 19 – 24 күндер аралығында «Есірткісіз болашақ» апталығы өтті. Жоспар бойынша «Біз салауатты өмірді таңдаймыз» атты сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарымен қатар компьютерлік суреттер байқауы, әлеумметік бейнероликтер, спорттық жарыстар өткізілді.
Апталыққа байланысты 5-11 сыныптарға арналып «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында дәріс оқылды. Дәрістің мақсаты оқушылардың бойында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеу, экстремизм мен радикализмге қарсы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру еді. Дәрістің барысында оқушыларға «Заблудшие» және «Территория мира» бейнефильмдері көрсетілді. Жалпы дәріске 862 оқушы қатысты.
  Қазанның 20-24 күндерінің кешкі уақытында мектепке қарасты мекен-жайларда мектебіміздің мұғалімдері рейд жүргізді. Рейд барысында тәртіп бұзушылық анықталған жоқ. «Есірткісіз болашақ» апталығының соңында«Астана бейбітшілік пен мейірімділік мекені» тақырыбына орай мектебіміздің 5-сыныптары ТРЦ Керуеннің Babylon ойын-сауықтыру залында 2 сағаттық бағдарламасын тамашалады. Оқушылардың жалпы саны 195 болды. Оқушылар түрлі ойын-сауық құрылыстарында ойнап, жақсы-көңіл-күймен мектепке оралды.


                                           «Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз!» көрме


   «Есіркісіз болашақ» сынып сағаттар




      «Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз!» спорттық шаралар

     

«Өмірің өз қолында» бейнероликтер байқауының женімпазы 9 «К» сыныбы



Қазанның 20-24 күндері кешкі уақытында мектепке қарасты мекен-жайларда мектебіміздің мұғалімдері «Кешкі қала»рейд жүргізді.



 «Есірткісіз болашақ» апталығының соңында«Астана бейбітшілік пен мейірімділік мекені» тақырыбына орай мектебіміздің 5-сыныптары ТРЦ Керуеннің Babylon ойын-сауықтыру залында 2 сағаттық бағдарламасын тамашалады.



Орындаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жусупова Г.И




 


26.10.15