Меню KDT
МЕНЮ

«Өз далаңды асқақтатып, тауларды аласартпа!» әдеби-музықалық композициясы өтті



Бүгін мектебіміздің салтанат залында «Өз далаңды асқақтатып, тауларды аласартпа!» әдеби-музықалық композициясы арқылы көрнекті қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов ағамыздың әріптесі Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткері Мәмбетов Хамит Исаұлы арнайы мектебімізге келді. Қамқорлық акциясында өткен кездесу барысында әдеби-музыкалық, тарихи танымдық бағдарлама көрсетілді. Мақсаты- ұрпақ санасына ұлтжандылық рухын сіңіріп, таным көкжиегін байыту. Бағдарламада Хакім Абай туған Семей даласындағы зардаптары орасан зор болған ядролық сынақ алаңынан бастап Олжас Сүлейменовтың қазақ елінің ғана емес жалпы түркі дүниесі үшін жасаған еңбектерін бастан аяқ баяндап, оқырмандарды тың деректермен сусындатып, бояуы өзге, нақышы қанық әдеби-музыкалық сабақ ұсынды. Бағдарламаға қоса әлемге танымал Пушкин, Махамбет, Лермонтов ақын-жазушылардың шығармашылықтары мен Ш.Қалдаяқов, С.Свиридов, Шаинский, С.Байтереков, Дунаевский сынды композиторлардың музыкаларынан тұратын жоба жаныңды жадыратып, көңілге күннің шуағын ұялатты. Бағдарлама танымдық дүниеге бай болып шықты. Іс-шараға 5-7 сыныптардан барлығы 156 оқушы қатысты.













21.11.15