Меню KDT
МЕНЮ

Тұңғыш Президент Күніне арналған апталықтың өтілуі туралы анықтама



1-желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президент күні. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашан айтып өтеміз. Осы мерекеге орай«Елбасымен біргеміз!» тақырыбындағы сап түзеу; «Елбасымен жасампаздық жолында», «Жемқорлыққа қарсы күрес», «Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы – Мәңгілік Ел» тақырыптар аясындағы сынып сағаттары; «Елбасыға сыйлық» көрме байқауы; «Елбасын сыйлаған ел, қор болмайды» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді, әрі мықты іргетасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел; «Менің елім» патриоттық әндер байқауы; «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» спорттық ойын тақырыптары аясында тұңғыш президент күніне арналған апталық өтті.
30-қарашада мектебімізде мерекелік сап түзеу ұйымдастырылды. Мереке қарсаңында 6-сыныптар арасында ұйымдастырылған «Елін сүйген- Елбасы» тақырыбында «Жас Ұлан» ұйымы тұңғыш президентке көрме, ән, өлең жолдарын арнап, мерекені нұрландыра түсті.

Сап түзеуден көріністер:












Мұғалімдердің өткізген сынып сағаттары да қызықты болды.











Елбасына сыйлық атты көрме балалардың өз қолымен жасалған дүниелерге толы болды.




        












«Елбасын сыйлаған ел, қор болмайды» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді, әрі мықты іргетасы» атты дөңгелек үстелдің көріністері.




    









«Менің елім» атты патриоттық әндер байқауының қызықты сәттері:


         










«Бәріміз біріміз үшін, біріміз баріміз үшін» спорттық ойын. Қатысушылар 8-9 сынып оқушылары.



       










Желтоқсанның бірінші жұлдызында «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының алдындағы алаңда Қазақстаның ең үлкен шыршасының жағылуына елорда мектептерінің оқушылары қатысып, біздің мектебімізден 10 «Ә» сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері қатысты. Елбасы жиналғандарға арнаған сөзінде елімізде жас ұрпаққа қажетті барлық жағдай жасалып жатқанына тоқталды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев баршаға мықты денсаулық, табыс және бақ-береке тіледі.



     


02.12.15