Меню KDT
МЕНЮ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАҒДАР



№64 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің бірлестік отырысында Елбасының жаңа жолдауы жан-жақты оқып, талқыланды. Жолдау ұстаздар арасында қолдау тапты.
Қазақстан Республикасы Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жолдауы Қазақстан халқына жылда арналатын дәстүрлі жолдаулардан ерекше болғандығын бәріміз де мойындаймыз. Бұл жолдаудың ерекшелігі- дәстүрлі жолдаулардай, алдағы жылға мақсат қоюдан басқа, қазіргі кезде әлемде жүріп жатқан экономикалық дағдарыстан шығудың нақты жолдарын саралап көрсетуінен де байқалады. Дәл қазіргі сәттегі әлемді жайлаған дағдарыстан Қазақстан халқы да тысқары қалған жоқ. Сондықтан мектеп мұғалімдері де қоғамдағы өзгерістермен санасып өз өмірін сол өзгерістермен санасып, өз өмірін сол өзгерістерге бейімдеп, қиындықтан шығар жолды қарастыруда. Сол жолдарды біздер, муғалімдер қауымы, осы жолдаудан тапқандаймыз. Елбасы өз жолдауында сәт сайын құбылған заманға сай амалдарды жоспарлап ұсынған. Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылудың нақты жолдарын ұсынған. Бүгінгі әлемдегі сың-қатерлерді сараптап, нақты баға беріп, осы қиындықтан табыспен шығудың жолдары көрсетілген, біртұтас іс-қимыл стратегиясы  жасалған. Стратегиялық жоспардың, әсіресе, 3-бөлімінде «5 институттың реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлт жоспары жүзеге асырылуда деп көрсеткен. Ұлт жоспарында елдің барлық дамуы бағыттарын қамтитын 100 нақты қадамның қалай іске асырылып жатқаны бізді қуантады және болашағымызға деген, ел мүмкіндігіне деген сенім ұялатады.
Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бесінші бағытында халықты әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. 2016 жылдық 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы мен білім беру саласы қызметкерлерінің еңбекақысын орташа алғанда 28-29% арттыру- халықты қорғаудың, қамқорлық жасаудың бір жолы деп қабылдаймыз. Білім беру саласы қызметкерлерінің еңбегін бағалау, болашағына сенімділік ұялату деп білеміз.
Елбасының Мәңгілік ел болу үшін халқымен бірге жасаған әр қадамын қолдаймыз және сол қадамдардың тұғырымызды нығайтатынына сенім білдіреміз!
 

05.12.15