Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Баршаңызды ел тәуелсіздігінің 24 жылдығымен құттықтаймыз!
Астана қаласы №64 мектеп-лицей
Жақан Рамазан
Жетекшісі: Ахметов М.Е
Мен елімнің ұланымын!
Кешегі мен бүгінгінің шиеленсі жалындап,
Қазақстан Отанымның қабырғасы қалыңдап,
Тарихымның тұғырына 550 жыл толды!
25 жыл алға қарай бірқалыпты адымдап,
Тас кемер боп жемқорлыққа ұлы елім салынбақ,
Бөгелместен тани білсек жақсы болар оң солды!
Бұлбұлымын кең даламның гармониясын үндейтін,
Өзен көлін жүзіп өткен балығымын сүңгейтін,
Флорасымын дархан жердің келбетіне сән берер!
Қыранымын шатқал асып,стратосында самғайтын,
Құз асатын кұларгері тұяқтары талмайтын,
Желі,қары,жаңбырымын климатына мән берер!
Мың бұралған бишісімін майысқынмен сынбайтын,
Ақыл сұрар шешенімін жұрт жиналып тыңдайтын,
Су сепкенмен өшпейтұғын лава тектес жалыны.
Атқылаған көмейінен әншісімін күмісті,
Бойкүйезден арылатын күйшісімін тынысты,
Перзентімін бар өнерге терең жайған тамырын.
Мен елімнің перзентімін төсінде өріп жайылған,
Маңыздысы ұлт мүддесін қорғай білу райымнан,
Тілін,дінін және қорғау хақысын.
Қадір тұтам қайсар мінез батырлан өткеннің,
Сабыр сақтап қаһармандар ойлай білген ертеңін,
Және тағы жанын қиған халқы үшін!
Ізін басып келем ұлы бабалардың танитын,
Аңғарылып,ұмытылмас байырғыдан тарихым,
Дербестігін сақтай білер жанашыры мен болам!
Мен елімнің ұланымын,ал Нұр атам Алдияр.
Қауіп қатер төне кетсе бұхара үшін жанқияр,
Қорғай білер қалашығы мен болам!
Астана қаласы №64 мектеп-лицейінің
7 В сынып оқушысы Уалханова Еңлік
Қазағым қалың жұртым алтын елім,
Сан ғасырдың азабын тартып едің
550 жылда бопты хандығыма,
Енді міне азат боп жүр әр түлегің.
Шүкір дейміз тәуелсізде егемен боп,
Ақталды- ау қан мен термен ерен еңбек.
Нұрсылтандай атам өзі бастамаса,
Бізді шеттен ешкім келіп демеген жоқ.
Бодандықтың ысырып қара бұлтын,
Мойындатты осылайша әр елді кім?
ЕХРО- ны тақымдардан жұлып алып,
Селт еткіздік тамсандырып әлем жұртын.
Азат елде жетім де оңар жесір де оңар,
Алдымызда сан қилы қыл көпір де бар.
Мәңгілік ел боп біздер жасау үшін,
Береке бірлігіміз кепіл болар.
Тектілікпен демеу болып баба салты,
Қолдап тұрса шын сүюмен дана халқы.
Нұрлы жолда әлі біз гүлденеміз,
Нұр атамның жетеді саликалы саясаты
