Меню KDT
МЕНЮ

«Ұланбасы» сайлауының қорытындысы



Сәуірдің 27-і күні мектебімізде «Ұланбасы» сайлауы өтті. Сайлау мектеп мұғалімдерімен қатар 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен таңғы 9.00-ден 16.00-ге дейін ашық түрде өтті. Сайлау комиссиясы 5 адамнан құрылды. Сайлаудың басты мақсаты - «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жан-жақты жүргізетін жауапкершілігі мол, белсенді оқушыны сайлау. Сайлауға 9 үміткер қатысты. Барлық үміткерлер мектеп өміріне белсенді ат салысатын үлгілі оқушылар болып табылады. Сайлау қорытындысы бойынша 5-10 сынып аралығынан 1081 оқушымыз дауыс беріп, оның ішінен 1067 оқушылардың дауыстары қабылданып, 14 дауыс жарамсыз болып табылды. Сайлаудың нәтижесі бойынша үміткерлердің жинаған дауыстары төмендегідей болды:
Амангельдин Дамир- 492 дауыс
Хусаинова Дина- 241 дауыс
Ақжол Шұғыла- 102 дауыс                                      
Мурзақұл Меруерт- 82 дауыс      
Полатова Зәуре- 62 дауыс
Смаилова Меруерт- 34 дауыс
Куралова Ақтоты- 27 дауыс
Ғайса Арайлым- 26 дауыс                                                                    
Николаев Азиз- 15 дауыс    
 
Амангельдин Дамир -  Мектеп «Ұланбасы»  атанды.
Хусаинова Дина - таным бағытының төрайымы,
Ақжол Шұғыла - руханият бағытының төрайымы,
Мырзақұл Меруерт  - парасат бағытының төрайымы,
Полатова Зәуре -  салауат бағытының төрайымы,
Ғайса Арайлым- «Жас Ұлан» кеңесінің мүшесі,                                           
Николаев Азиз-  «Жас Ұлан» кеңесінің мүшесі,
Смаилова Меруерт -  «Жас Қырандар» төрайымы болып тағайындалды.


























28.04.16