Меню KDT
МЕНЮ

1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні құтты болсын!



1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мектебімізде достық пен татулықтың, бейбітшілік пен мызғымас тұрақтылықтың мерекесі ретінде көтеріңкі көңілмен, жарқын жүзбен асқақ рухта аталып өтті. Ассамблеяның 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген мерекеде оқушыларымыз елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың ұлттық құндылықтарын көрсетіп, қадір-қасиеттерді ұлықтады. Мерекеге байланысты сурет салудан шығармашылық қарым-қабілеттерін танытты. Әр сынып оқушылары ортақ шаңырақ астында бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай тату-тәтті ынтымақта өмір сүріп жатқаның әр ұлттың әні мен биімен жеткізе білді.   























 

03.05.16