Меню KDT
МЕНЮ

«Жайдарлы жаз!» жазғы демалыс



5,6,7,8,10 сынып оқушылары мектептің соңғы қоңырауын  өткізе сала мамыр айының 30 күні Щучинск қаласында орналасқан «Самұрық» лагерінде «Жазғы академия» математикалық лагеріне  10 күндік демалысқа барып келді. Лагерде  күнделікті 10.00-12.00 ге дейін математика, ағылшын тілі, психология сабақтары өтіп, түстен кейінгі уақыттарда  тәлімгерлермен қызықты іс-шаралар өткізіліп, кешкі 23.00 дейін би кештері өтті. Оқушылар орманға, Бурабайға саяхат шығып, таза ауамен тыныс алды. Демалушыларға 5 мезгіл тамақ берілді  және  күнделікті топ-топпен  бассейінге түсіп отырды. Соңғы күні берілген сабақтардан пән мұғалімдері тест жұмыстары мен  бақылау жұмыстарын алды. Жалпы, «Самұрық» лагері барлық  барған 260 балаға ұнады. Көңіл-күйлері көтеріліп, келесі жылы тағыда келетіндерін айтып, тәлімгерлеріне  алғыстырын білдірді. Лагердегі әр бір күн   өте жасы өтті.




















10.06.16