Меню KDT
МЕНЮ

Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған іс-шаралар



Астана қаласы №64 мектеп-лицейі қабырғасында Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған республикалық сынып сағаттардың өтілуі туралы анықтама
2016 жылдың қазан айының 17-22 жұлдызы аралығында №64 мектеп-лицей қабырғасында қазақ халқының ағартушысы, педагог, жазушысы Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған апталық  өтті. Апталықтың  жоспары жасалып,  сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.  1-сыныптар «Кел, балалар, оқылық!» атты кітаптар мерекесін, 2-сыныптар «Ыбырайдың алғашқы мектебі» атты ойын-саяхат сабағын, 3-4 сыныптар «Қазақ халқының ұлы баласы» атты ауызша журнал беттері бойынша саяхат- сабақты, «Ұлы ағартушы Ыбырайдың өсиеттері» атты сайыс-сабақты  5-сыныптар, 7-сыныптар «Ыбырай Алтынсарин мұралары» атты сынып сағаттарын, 8-сыныптар «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» атты пікірталас, ал 9-сыныптар «Ыбырай Алтынсарин» атты сынып сағаттарын, 10-11 сыныптар «Ы.Алтынсарин – педагог, ағартушы, қоғам қайраткері» атты кездесу-сабақтарын өткізіп, осы сабақтарға  ЕҰУ ұстаздарын шақырды.
Іс-шараларға мектеп ұжымы бір адамдай атсалысты. Ұстаздар бірігіп, сабақты дәстүрлі сынып сағаттарынан өзгеше етіп ұйымдастыруға тырысты. Оқушылар сынып сағаттарын өте саналы, мәдениетті түрде өткізді. Мұнда біз мәнерлеп оқу сайысы формасын да, интелектуалды сұрақтарға жауап беру формасын да, Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін сахналауды да тамашаладық. Одан басқа қабырға газеттері, буклеттер, сайыс-сабақтарға арналған эмблемалар осы сынып сағаттарын әрлендіре түсті.
Қазақ халқының ұлы ағартушысы, педагог, жазушысы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына, қазақ әдебиетінің, педагогика саласындағы орнының аса маңыздылығын терең түсініп, бойына сіңіре білген жас буынға ризашылығымызды білдіре отырып, 9-сыныптардың сынып жетекшілері Аширбаева М.Қ, Төреханов С.Р,  7-сыныптар арасынан ұйымдастырған  Адылбаева Г.С,  Озатұлы А, 11 «Б» сынып жетекшісі Жүсіпбекова Д.Б, 5-сыныптар арасынан ұйымдастырған Ботбаева А.О. сынды ұстаздар өзіндік ұйымдастырушылық қабілеттерімен ерекшеленгенін атап кетуге болады.
Бастауыш сыныптарда өткен іс-шаралар да өзіндік ерекшеліктерімен есімізде қалды. Мұндай шаралардың бала бойындағы білімге деген құштарлығын арттырары сөзсіз.
Осы іс-шаралардан қызықты сәттер:


















25.10.16