Меню KDT
МЕНЮ

«Мейірімді жүрек» атты қамқоршылар күні өтті



«Мейірімді жүрек» атты қамқоршылар күні өтті

      Астана қаласы №64 мектеп-лицейінде 2016 жылдың қазан айының 27 жұлдызында «Мейірімді жүрек» атты қамқоршылар күні атап өтілді. Бұл мереке мейірімді жандарға ризашылық білдіру, оларды қолдау мақсатында аталып, өздеріне үлкен жауапкершілікті артып, балаларды өз отбасына тәрбиелеуге алып жүрген қамқоршы адамдарға ризашылығымызды білдіру үшін жасалды.

     Осындай батыл қадам жасап, бала тәрбиесіне  үлкен үлес қосып, көпшіліктің ризашылығына, алғысына бөленіп жүрген қамқоршылардың құрметіне Қазақстанда 2011 жылдан бастап, «Қамқоршы  күнін» мерекелеу дәстүрге айналған. Мереке жаңашыл форматта, қызықтырылып, конкурс ретінде өткізіліп, онда қамқоршы мен тәрбиеленушілер арасында жайма-шуақ психологиялық ахуал орнатылып, бір-бірімен жүректен шыққан ойларымен бөлісетіндей жағдай жасалды. Тәрбиеленушілер қамқоршыларға деген сезімдерін хаттары арқылы, слайд-презентация арқылы, ән жолдау арқылы білдіріп жатты. Мереке өте көңіл толқытатындай, сезімге берілетіндей сарында өткізілді. Мереке соңында марапаттаулар мен сыйлықтар тапсырылды



















08.11.16