Меню KDT
МЕНЮ

ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙ - ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ



ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙ - ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

       Күзгі каникул  күні  яғни  5 қараша да  6- 8 сынып  оқушылары  Ұлттық  мұражайға саяхат жасады.Ұлттық мұражай «Астана», «Тәуелсіз Қазақстан», «Алтын», «Ежелгі және орта ғасыр тарихы», «Этнография», «Тарих» және «Заманауи өнер» деп аталатын сегіз залдан тұрады  екен. Тарихтың астарынынан сыр тартатын    мұрағат деректерімен  жәдігерлермен танысқан оқушылар көп әсер алды.   Біз  ежелгі  Қазақстан  тарихы  туралы  сабақта   алған білімізді   мұражайдағы «Ежелгі және орта ғасыр тарихы»  атты залында мезолит, неолит, энеолит дәуірлері жайлы  заттай деректермен танысу арқылы  толықтыра  түсіндік деген оқушылар келгендеріне ризашылықтарын білдірді. Жалпы, оқушыларға тарихи деректерді түсіндіру үшін осы мұражайға келіп көрсету бір басқа екен. Ұлттық құндылықтардың қазынасы, ұлттық мұражайға баруға барлығыңызға кеңес береміз!   









08.11.16