Меню KDT
МЕНЮ

Құттықтаймыз!



    29.11.2016 ж. күні Астана қаласында өткен «Жарқын өмір сүр» атты театрландырылған қойылымдар байқауында №64 мектеп-лицей оқушылары ГРАН ПРИ жүлдесін иеленді. Мектеп-лицейіміздің Аманжолов Таулан мен Әбілов Алпамыс атты оқушыларымыздың идеясымен жасалған туынды, өзінің өткірлігімен, өзектілігімен, финалының жарқындылығымен танылды. Балалардың осы аталмыш  сайысқа жан-тәнімен берілгендігі әділ төрешілердің назарынан тыс қалмады. Әбілов Алпамыс «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын иеленсе, Танырбергенова Лейла «Үздік жағымсыз кейіпкер» номинациясын иеленді. Одан басқа Барлыбай Аяужан, Көшкінбаева Надира, Амангелді Рүстем, Құнанбаева Алуа сынды оқушылар осы қойылымға қатысып, жүлделі орынға ие болуымызға атсалысты. Бала бойынан талант иелерін көре білген және балаларды  дамыту жолында қызмет етіп жүрген №64 мектеп-лицейдің тәрбие ісі орынбасарлары Гүлжамиля  Ильясовна  Жусупова  мен  Усербаева Айнұр  Сатыбалдықызына ризашылығымызды білдіреміз.


























30.11.16