Меню KDT
МЕНЮ

«Құқық айлығы»



        Астана қаласы №64 мектеп-лицейінің кезекті ата-аналар жиналыстары өтті. 2017 жылдың қаңтар айының 17-20 аралығындағы жиналыстар легі «Құқық айлығы» тақырыбына арналды. 20.01.2017 ж. мектептің акт залына 600 ата-аналар жиналды. Ата-аналармен  Ішкі істер министрлігінің наркобизнеске қарсы күрес Департаментінің қызметкері подполковник Мүслім Малғаждаровпен кездесіп бірқатар мәселелер жөнінде әңгімелесті. Осы жалпы жиналыстан соң ата-аналар өз сыныптарына тарасып, онда сынып жетекшілері «Құқық айлығы» жоспарындағы тақырыптарды әрі қарай өрбітті. Атап айтсақ, бастауыш сыныптары «Ересектер  әлемінде өмір сүруді балаға қалай үйретеміз?  Қарым-қатынас жасау мектебі» тақырыбында, 5-6 сыныптар «Тұлғааралық қарым-қатынастағы проблемалар. Агрессия. Онымен күресу жолдары» тақырыбында, ал 7-8 сыныптарда «Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі» мәселесі қозғалды. 9-11 сынып мектеп бітіруші түлектер болғандықтан «Жоғары сынып оқушысының оқу әрекеті және оны отбасында басшылыққа алу. Мамандық таңдай білу» тақырыбында әңгіме қозғады. Осы жиналыстарда ата-аналар «Күнделік. KZ.» бойынша жұмыс жасау жолдарымен танысып, одан басқа оқушылар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында «ЮНИСЭФ» сауалнамасының маңыздылығы туралы мектеп психологынан түсінік алды.










25.01.17