Меню KDT
МЕНЮ

«Бұрымды қыз»



     «Жас Ұлан» балалар ұйымы «Бұрымды қыз» атты 6 сыныптар арасында сайыс ұйымдастырылды.  Мақсаты қыздарымыздың бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілдік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында өтті.   Сайыс  6 бөлімнен тұрады.

  1. Эстетикалық талғам.
  2. «Мен қазақтың қызымын дара туған» таныстыру.
  3. Шаш күтімі
  4. Ас адамның арқауы
  5. Шаш үлгісін жасау
  6. Сұрақ жауап

 

  Сайыс қорытындысы бойынша  «БҰРЫМДЫ ҚЫЗ» номинациясының жүлдегері 6 «Ә» сыныбының оқушысы Жанатбаева Ақерке иегенді.

Сайыс соңында  «ӨНЕРЛІ ҚЫЗ», «ЕРКЕ ҚЫЗ» ,«ШЕБЕР ҚЫЗ» ,«СҰЛУ ҚЫЗ», «БІЛІМДІ ҚЫЗ»  атты номинациясымен  оқушылар  марапатталды.













06.02.17