Меню KDT
МЕНЮ

«Болашаққа бағдар,рухани жаңғыру»



    «Жас ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен  8-11 сыныптарының оқушылары арасында  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының  мақаласын талқылап, қазақ әліпбинің латынша  ауыстырылуының бірыңғай стандартын талқылау туралы жиналыс өткізді Латыншаға көшудің жастарға берері, мемлекетіміздің дамуына себепші болатынын айтып, сұрақ –жауап алысты. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты екенін пікірлесу барыснда қозғады. Жиналысқа 483 оқушы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәлімгер мен  мұғалімдер қатысты. Мектептің мәжіліс залына жиналған оқушылар өз ойларын білдірді. Осы жаңа бастаманың елімізге әкелетін пайдасы мен кері әсері де сөзге тиек етілді. Жиналған оқушы қауымының көпшілігі осы бастаманың елімізге әкелетін жақсылығын түсініп отырғаны байқалды. Әсіресе, 11-сынып оқушылары кейінгі ұрпаққа осы мәселені ашып көрсетуге тырысып бақты. Балалардың өз болашағы, ел болашағы үшін алаңдайтыны қуантарлық жағдай.












17.04.17