Меню KDT
МЕНЮ

«Жауынгерлерге рух берген майдан әндері»



     №64 мектеп-лицейінде  мамырдың 4-і күні  Жеңіс күні мерекесіне арналған   «Жауынгерлерге рух берген майдан әндері» атты әдеби-сазды  іс-шара өтті. Шара барасында сол жылдарда туған өлеңдер мен әндер шырқалып,  Отанын қорғауға, құрметтеуге үндейтін әнұрандық әндер, азаматтық әуендегі туындылар өскелең ұрпақ бойынан патриоттық сезімдерді қалыптастырып, халыққа рух беруді мақсат етті. Іс-шарада туған елге, туған жерге, отбасына деген сағыныш сазы әуелеген лирикалық әндер көп айтылып, ел мен майдан даласының арасында хат, шығарылған өлең, сағыныш сазды әндер түрінде шырқалды. Сонымен қатар, арнайы шақырылған қонақтар да келді. Соғыс жылдарында еңбек еткен тыл ардагерлері Нурғазиев  Әуелбай, Арысбаева Майра, Сапышева Магрипа, Тұрар Қуатбек ата-әжелеріміз келіп, жастарға баталарын берді және  мектеп директоры Рауза Аксейітқызы мерекемен құттықтап, ардагерлерге қажымас қайрат, зор денсаулық тілеп, жастарды  өз Отанына адал қызмет ететін азамат болып, бикітен көрінулеріне тілектес екенін білдірді.  Жеңіс күніне арналған  шара 1 Мамыр  Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай жалғасын тауып, керемет бағдарламамен ұласты.  Осындай жастарға рух беретін, тәлімі мол іс-шаралар көп болғай!
7 мамыр Отан қорғаушылар күні,  9 мамыр Жеңіс күні , 1 мамыр Бірлік күні мерекелері құтты болсын! Еліміз аман, бай қуатты болғай!















06.05.17