Меню KDT
МЕНЮ

«Білім ұясындағы соңғы саяхат»



Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,

Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

      Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр – деп ақын ағаларымыз жырлап кеткендей, осынау бір сырлы өлең жолдарымен   25 мамыр күні №64 мектеп-лицейінде   «Қош бол, алтын ұя мектебім!» жылдағы үрдіспен салтанатты жиын болып өтті. Жиынға арнайы қонақ ретінде  Білім басқармасының әдіскері Әмірғалиева Дайра  Қайнемқызы қатысты. Мектеп директоры Буламбаева Рауза Аксейітқызы  мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздар қауымын және жиналған ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап түлектерге сәт сапар, ақ жол тіледі. Мектептегі  10 «Алтын белгі»  иегерлері өз лебіздерін білдіріп, сыныптастарына сәттілік тілеп, ұстаздарына алғыс айтты.  Мереке жалғасы мектеп бітіруші түлектердің ұстаздарына арналып шығарылған арнау өлең, ән – жырларымен мереке сәнін кіргізді.  Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектерге мектептегі «Жасұлан» балалар ұйымы мен  1 - сынып оқушылары сәт сапар тілеп, түлектерімізге жылы лебіздерін айтып, өнерлерін көрсетті. Мектеп бітіруші 110 шәкірттеріміз  қоштасу вальсін билеп, сыныптар арасында өздерінің дайындаған флшешмобтарын биледі. Соңғы қоңырау үні соғылып, аспанға арман шарларын ұшырды. Салтанатты шара керемет өтті.

 


















09.06.17