Меню KDT
МЕНЮ

Тамыз кеңесі



Білім берудің сапасы: білім беру мазмұнын жаңартуды іске асыру жағдайындағы жаңа амалдар

     2017 жылдың 24 тамыз күні № 64 мектеп-лицейінде Астана қаласының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің Тамыз конференциясы болып өтті. Конференция жұмысы үш бөлімнен тұрды: пленарлық, панельдік, секциялық. Аталмыш шараға ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім институтының директоры Қ.Рахымжанов,
НЗМ ББҰПШО тренері Г. Абдраманова, П.ғ.к., ББП ППК кафедрасының меңгерушісі, Астана қаласы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының тренері Қ.Ахметова сынды республика орталықтарынан шақырылған қонақтар, қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Білім басқармасының әдіскері Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызының басқаруымен, № 64 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің асталысуымен Тамыз кеңесі жоғары деңгейде өтті. Әр секцияны басқарған модераторлар, қатысушылар жоғарыда аталған тақырып аясында өнімді жұмыс жасады. 5-9 сыныпқа арналған бағдарламаның құрылымындағы өзгерістер туралы айтылды. Оқу мақсатының жүйесі, оқу бағдарламасының құрылымдық нормативтік құжаттары таныстырылып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың мақсаттары мен міндеттері айқындалды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жүзеге асып жатқан шаралар турасында айтылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Тамыз маслихатының шешімімен әр секция қорытындысы бойынша марапаттау жүргізілді.
Орындағандар: Шотпаева А.Б., Адыльбаева Г.С.

05.09.17