Меню KDT
МЕНЮ

«Сарыарқа» би ансамблін құттықтаймыз!!!



     Мектебіміздің «Сарыарқа» би ансамблі Алматы қаласында  өткен республикалық  «Күншуақ», «Ақ көгершін», «Жас талант» байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болып қайтты.  Қараша айының бірі мен екісі күндері аралығында ұйымдастырылған «Ақ көгершін» конкурсында «Сарыарқа» би ансамблінің негізгі тобы «Бас жүлдеге» ие болса,  қарашаның үші мен төрті күндері өткен «Күншуақ» байқауында тағы бір мәрте «Бас жүлде» алып, қуанышқа бөледі. Сонымен қатар, ансамбльдің кіші тобы қарашаның 5-і  күні ұйымдастырылған «Жас таланттар» байқауына қатысып, ең жас категориясы, яғни 2,3-сынып оқушыларынан құралған би тобы да жүлделі І орын, 3-4 сыныптан құралған бишілеріміз де жүлделі І орын иеленіп, өз өнерлерін жарқырата көрсете білді. Осындай жетістікке жеткізе білген ансамбль жетекшісі Айжан Жақсылыққызына шығармашылық табыс тілей отырып, еңбегінің жемісін көре берсін дегіміз келеді. Оқушыларды жетекшісімен бірге конкурска апарып келген ата-аналарымызға да өз алғысымызды білдіреміз. Ал, «Сарыарқа» би ансамбліне биіктен көріне беріңіздер, өнерлеріңіз өрге жүзсін дейміз! Қанат ұшса қатаяды демекші,  қанаттарың биікке ұшудан талмасын! Тек қана биіктен көрініңдер!

 

 








13.11.17