Меню KDT
МЕНЮ

«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының марапаттау рәсімі!



   18 қараша күні жыл сайын дәстүрге айналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының марапаттау рәсімі өтті. «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен, қабілеті жоғары жас дарындарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған олимпиадаға Астана қаласы білім беру мекемелерінің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Сайыстың І кезеңі мектеп базасында өткізіліп, қатысушы 1500-ден астам оқушының ішінен жоғары ұпай жинаған 300-ге жуық оқушы ІІ кезеңге жіберілген болатын. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері анықталып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтарға ие болды. І орын (4) иегерлеріне 50 000 теңге сыйлық сертификаты, ІІ орын (15) иегерлеріне 10 000 теңге сыйлық сертификаты, ІІІ орын (25) иегерлеріне 5000 теңге сыйлық сертификаты табысталды. Деңгейі жоғары деп танылған бірқатар оқушылар (40) арнайы грамоталармен марапатталып, «Математика олимпиадасына дайындық бастамалары» атты оқу құралы сыйға тартылды.
Жакупова Дильнара 6ғ сыныбы  2 -орын
Айтбай Анар 6ғ сыныбы грамота
Дамирова Әсем 6ғ сыныбы грамота 


06.12.17