Меню KDT
МЕНЮ

"Жас Ұлан" ұйымына қабылдау рәсімі өтті



  Астана қаласы №64 мектеп-лицейінде  2017 жылдың 7 желтоқсан күні «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасын іске асыру мақсатында «ҚР Тұңғыш Президенті күні» және «ҚР Тәуелсіздік күні» мерекелеріне орай, «ЖАС ҰЛАН» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Бұл жиынға «ЖасҰлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы, республикалық қоғамдық бірлестігі  Астана қалалық филиалының директоры Боданов Амангелді Нұрланұлы, «ЖасҰлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Астана қаласы Алматы ауданының әкімшілігінің атқарушы қызметкері Сапар Нұрилә Оразалықызы және баспасөз қызметкерлері қатысты. Дәстүр бойынша жылда өткізілетін бұл жиында 157 оқушы «ЖасҰлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданды. Отансүйгіштікке тәрбиелейтін және туған тілі мен дінін дәріптеуге, отандастарымыздың даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке баулитын, сонымен қатар туған елінің жанашыр азаматы болып өсуіне зор ықпалы бар осынау бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы олар үшін маңызы айтарлықтай үлкен деп айтуға болады.





07.12.17