Меню KDT
МЕНЮ

«Алаш қозғалысы және Әлихан Бөкейханов» зияткерлік танымдық сайысы



     2017 жылдың  7 желтоқсаны  күні   №64 мектеп-лицейінде  кітапханада  7-сыныптар  арасында  «Алаш  қозғалысы  және Әлихан  Бөкейханов»    зияткерлік  танымдық   сайысы  болып  өтті.1917  жылдың   13   желтоқсаны –қазақтың  алғашқы  үкіметі –Алашорданың   дүниеге келген  күні.  Алаш  қозғалысына  100  жыл  толып  отыр.  Ғұмыры  ұзақ  болмаса  да  Алашорда  үкіметінің  идеялары  қазіргі  таңда  да  өзектілігін  жойған  жоқ.
Бұл  танымдық  сайыста  оқушылар  Алаш  арыстары туралы  және Әлихан  Бөкейхан жайлы  оқыған,  білгендерін  ортаға салды.Сайыс  3  бөлімнен  тұрды. Оқушылар  Алаш  қозғалысы   және Әлихан  Бөкейханов  туралы   шағын  жобаларын   қорғап,  монолог,  эссе, мәнерлеп   оқыды.Мектептің   кітапхана  меңгерушісі   Г.Н  Жорабекова  «Алашқа-100 жыл»  атты  кітап  көрмесімен  таныстырды.
Тарих  пәні  мұғалімдері  қатысып,  қорытынды  сөз  сөйледі.
 Соңы  әсем  әнге  ұласты. Сайыс  қорытындысы  бойынша  7   «Е»  сынып  оқушылары  1-  орынға,  7  «Ә»  сынып  оқушылары  2 – орынға,   7  «В»  сынып  оқушылары  3-орынға  ие  болды. Ерекше  көзге  түскен  оқушылар Тілеуберді Самғат,  Аяжан, Бурумбаева Фарида, Нұрмадиева Аяжан,  Еркінбек Бақыт сынды оқушылар  болды. Сыныптан –тыс  іс-шараны  ұймдастырушылар  мектептің  кітапхана  меңгерушісі  Г.Н  Жорабекова  және  тарих  пәні  мұғалімі Д.О  Бекназарова







 

08.12.17