Меню KDT
МЕНЮ

"Мектеп барысы-2017" құтты болсын!



Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ұлттық ойындар-асыл мұрамыз» атты турнирінде Астана қаласы  мектептері арасындағы Ұлттық ойындар жарысында біздің де  мектебіміздің жас спортшылары олжалы болды.   Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Қазақша күрес»  ойынынан 8 А сынып оқушысы Сәбитұлы Нұртілесенім  І орынды иеленіп,  «Мектеп барысы-2017 »  атанды. Жаттықтырушысы Марлен Серікболұлы 3 жыл қатарынан дайындаған оқушылары мектеп барысы   атанып келеді.  Биылда намысты қолдан бермей  топ жарды.  Нұртілесенімге «Қазақстан барысы» атануды тілейміз.  Ал, жаттықтырушы Марлен Серікболұлы шәкірттеріңіз биіктен көріне берсін!
Алға, №64 мектеп-лицей!
  


15.12.17