Меню KDT
МЕНЮ

«ТЕҢ ТЕҢІМЕН» акциясы



25.04.2018 ж. күні «ТЕҢ ТЕҢІМЕН»,  «FACE TO FACE», «РАВНЫЙ  РАВНОМУ» акциясы аясында  өскелең ұрпақтың дамуы кезеңінде жағымсыз әрекеттерді болдырмау, балаларды достық, мейірімділік, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Ал, біздің аулада!» (А у нас во дворе)  атты іс-шара ұйымдастырылды. Акцияға №64 мектеп-лицейінің «Қауіп-қатер» тобындағы оқушылар, жетім балалар, «Жас ұлан» балалар  ұйымы қатысты. Аталмыш іс-шара оқушылар санасында достық туралы жақсы пікір қалыптастырып,  оқушылардың достық туралы ой-пікірлерін дамытып, достықты қадірлей білуге тәрбиелеп,  адал дос таба білуге баулыды. Акцияны ұйымдастыру барысында «Жас Ұлан» ұйымы белсенділік танытты. Оларға мектеп психологы Искакова А.А. және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жусупова Гүлжамиля Ильясовна бағыт-бағдар берді. Акцияға Астана қаласының мектептерінен оқушылар, психологтар және Астана қаласы «Астана дарыны» психологиялық сүйемелдеу орталығының маманы Сатымбекова Т.С. қатысты. Іс-шара қонақтар тарапынан жоғары бағаға ие болып, ризашылықтарын туғызды. Біздің аулада әнненде, биден де, ойындарданда мықты екендері көрінді. Оқушыларға достық қарым-қатынас орналды. 

 

   

   




26.04.18